Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету – өзекті мәселе

430

0

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы облыстық төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, адамдар көп жиналатын сауда нысандарында яғни, «ArayCityMall» сауда ойын-сауық орталығында 2022-2023 жылғы жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге үн-парақшалар таратылып және LED экранынан арнайы әзірленген бейнероликтер көрсетілді.

Департамент қызметкерлері жеке меншіктегі үйлерде жылыту кезеңінің алдында және кейін 3 ай сайын түтіндіктер мен мұржаларды күйеден тазарту, шатыр асты бөлмелердегі барлық түтін жолдары мен құбырларын жүйелі түрде тексеріп отыру қажеттігін халыққа түсіндірді. Сондай-ақ, пештерді қатты қыздыруға және қатты отынмен жағылатын пештерді жағу үшін бензин, керосин, басқа да тез жанатын сұйықтықтарды пайдалануға болмайтынын, жылыту пешінің жанында ағаштарды, жанғыш заттарды, тез жанғыш сұйықтықтарды сақтауға, жағылған пештерді, керосин шамдарын, керогаздарды қараусыз қалдыруға және пештің жағылуын балаларға қарауды тапсыруға болмайтынын ескертіп, арнайы дайындалған жадынамалар таратылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<