Өткен жылы облыста 330,1 мың адам жұмыспен қамтылған

449

0

Қызылорда облысы экономикасында 2022 жылы 330,1 мың адам жұмыспен қамтылды. Бұл туралы ҚР СЖРА ҰСБ Қызылорда облысы бойынша департаментінің баспасөз хатшысы хабарлады. Жұмыспен қамтылған халық арасындағы жалдамалы қызметкерлер саны аталған кезеңде 221,3 мың адамды (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 67%), жұмыспен қамтылған халықтың басқа категориялары – 108,8 мың адамды (33%) құрады. Жұмыссыздар халық саны 17 мың адамды құрап, жұмыссыздық деңгейі – 4,9% белгіленді.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<