Өзгенің көлігінде несі бар?

620

0

Қызылорда қалалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында  «Фольсваген Вента», «Фольсваген Пассат» және  «Ваз – 2107» маркалы автокөліктеріне ұрлыққа  түскен күдіктіні ұстады.

Тергеу барысында анықталғаны, күдікті автокөліктердің ашық қалған артқы есігін пайдаланып, автокөлік иелеріне тиесілі заттарды қолды етіп өз ойын жүзеге асырған. Қазіргі таңда шығындары есептелуде.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағы (Ұрлық, тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Гүлбану МАҚАЖАН, «Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<