«Өзімді керемет келін санамаймын»: Қыран Талапбектің әйелі отбасылық өмірі жайлы айтты

179

0

Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық танымал видеограф Қыран Талапбектің келіншегі Гүлзада Тұрлаш желіде оқырмандарымен тілдесіп, отбасылық өмірі жайлы сыр шертті. Ол бүгінде өзін керемет келін санамайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзада Тұрлаш оқырмандарын қызықтырған бірқатар сұраққа Instagram желісінде жауап берді. Желі қолданушыларының көбісіне актрисаның отбасылық өмірі қатты қызық болып шықты. «Жаңа түскен келінге беретін үш кеңесіңіз», – деп сұрады бір оқырман.

Блогер ару басқа қыз-келіншектерге бұл тақырып аясында кеңес бере алмайтынын бірден кесіп айтты. «Кеңес беретіндей өзімді керемет келін санамаймын. Бірақ барған жеріңізге бақыт сыйлаймын деген ниетпен баруыңызға тілектеспін», – деп жазды ол. Сонымен қатар Қыран Талапбектің келіншегі «үйленбеген жігіт ажырасқан қызды ала ма?» деген сауалға да жауап берді.

«Біреудің өміріне баға беріп, айыптаудың қажеті жоқ. Себебі өзіңізді немесе болашақ балаларыңызды не күтіп тұрғанын білмейсіз. Аллаға аян дүние. Мейірімді болайық! Біреудің бақытына қол сұқпай, қуана білейік!» , – деп жазды актриса.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<