«OFFLINE_QUIDE_KZO» қосымшасы дайындалды

547

7

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тапсырысымен «Birgemiz: Asyl мura» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыру» мақсатында жарияланған шағын грант байқауының жеңімпазы, Экономика және құқық институты, Экономикалық теория және мемлекеттік басқару кафедрасының оқытушысы Карбозова Ағжан Сайлаубекқызының «OFFLINE_QUIDE_KZO» жобасы бойынша смартфондарға арналған оффлайн форматта жұмыс жасайтын аудиогид қосымшасы құрастырылды. Қосымша Қызылорда облысы аумағында орналасқан 30 тарихи-мәдени ескерткіштер туралы мәліметті 3 тілде (қазақ, орыс, ағылшын) алуға мүмкіндік береді.

Әлемдік туризм саласында аудиогид, оффлайн карта, оффлайн гид түсініктері кеңінен таралған. Алайда облыс аумағында мұндай форматта жұмыстар енді жүргізілуде. Қызылорда облысының туристік әлеуетін жандандыруда ақпараттық технологиялардың озық үлгілерін пайдалану тиімді екенін байқауға болады. Жоба жетекшісі Карбозова Ағжан Сайлаубекқызы жобаны жүзеге асыру барысында Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасымен байланыс орнатып, облыстың туристік аумақтары туралы ресми мәліметтерді алып талдаудан өткізді. 2020 жыл волонтерлер жылы екендігін ескере отырып, жобаға волонтер ретінде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің 6В11177-Туризм білім бағдарламасының білім алушыларын волонтер ретінде қатыстырылды. Волонтер білім алушылар жинақталған мәліметтерді өңдеуде, орыс, ағылшын тілдеріне аударуда, аудиожазба жазу барысында белсенділік танытты.

Аталған жаңашылдықты ескере отырып, Қызылорда облысының туризм саласына жақсы жаңалық енуде деп есептеуге болады.    

Пікірлер:
  • Өте керемет бастама!!! Өскелең ұрпаққа өзіміздің туған жеріміздің тарихын санасына дарыта отырып, жақсы жаңалықтың жаршысы болған Карбозова Ағжан Сайлаубекқызына алғысым шексіз. Туған жеріміздің туризм саласын дамытуға белсенділік танытқан азаматтарға рақметімді айтамын

  • Туған жеріңнің тылсым табиғаты мен құпияға толы тарихын жас ұрпаққа жете танытуға ден қойып, аталмыш жобаның аясында атқарған жұмыстарыңа ризашылығымызды білдіре отырып, өзіңе білім берген ұстаздарыңның ыстық ықыласын жолдаймыз. Шәкіртіміздің туризм саласын дамыту жолындағы еңбегі еленіп, марапатқа ие болуы біз үшін де мақтаныш.Ұстаздарыңның үмітін ақтап,білім берген алтын ұя мектебіңнің мақтанышы бола бер.Қай салада жүрсең де жаналықтың жаршысы болатыныңа сенеміз.

  • Әлемдік туризм саласына Қазақтың жетістігін,облыс жетістігін осындай жобалармен паш етіп,еңбегің ерен,табысың мол,Қазақтың оффлайн қаһарман қызы болуыңа тілектеспін!
    Ақ Балқыға пеззент бітсе,ақ қағазға тіл бітер,,,!Ата бабаңнан асыл тегіңе біткен қасиетің бойыңнан шыңға шырқала берсін!

  • Әлемдік туризм саласына Қазақтың жетістігін,облыс жетістігін осындай жобалармен паш етіп,еңбегің ерен,табысың мол,Қазақтың оффлайн қаһарман қызы болуыңа тілектеспін!
    Ақ Балқыға пеззент бітсе,ақ қағазға тіл бітер,,,!Ата бабаңнан асыл тегіңе біткен қасиетің бойыңнан шыңға шырқала берсін!
    Игі тілекпен Аманқос ағаң Қүмжииек.

Пікір жазыңыз