Оғыланымыз Ошта да озды

1509

0

Қырғызстанның Ош қаласында өткен XVI халықаралық ақындар айтысында жерлесіміз, ақтаңгер ақын Мұхтар Ниязовтың бас бәйгені жеңіп алғаны туралы ақжолтай хабарды Сыр елі қуанышпен қабылдады.

Қырғызстан Республикасының тәуелсіздік мерекесі аясында ағартушы, жазушы-ақын Молда Нияздың 200 жылдығына арналған айтысқа он алты ақын қатысқан.

Сөз аламаны айналымында Мұхтар бауырымыз қырғыз ақыны Азамат Болғонбаевпен үзеңгі қағысып келіп, 450 мың сом қаржылай бәйгені қанжығаға бөктерді.

Сүйінбай мен Жамбылдан кейін қырғыздың ақпа ақындармен жиі сайысқан ақын деп Мұхтар Ниязовтың есімін айтуға болады. Бас бәйгеге қоса «Қырғыз Республикасыныңның мықты маданиат қызметкері» деген атақтың  берілуі осы сөзімізге айғақ.

Үш мәрте «Алтын домбыра» сыйлығының иегері М.Ниязовтың айтыс саласындағы атақтарынан оның ұтқыр шумақтарын жатқа айтатын қызылордалықтардың «Біздің оғыланымыз» деген бір ауыз сөзі жоғары тұрады.

«СБ» ақпарат  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<