Оқушылар күзде неше күн демалады

368

0

Келесі аптада оқу жылындағы алғашқы демалыс басталады, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан мектептерінде бірінші тоқсан аяқталуға таяды. Күзгі демалыс 1 қарашада басталады.

Мектептердегі демалыс 1-7 қараша аралығында бір аптаға созылады, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Демалыс басталар алдында мектептерде БЖБ және ТЖБ өткізіледі, содан кейін тоқсанға қорытынды баға қойылады.

Білім министрлігінің мәліметінше, биылғы оқу жылында 30% мектеп бір ауысымда оқуға ауысты.

Мектептердің 68%-інде оқыту екі ауысымда жүргізіледі, ал мектептердің қалған 2%-інде оқу процесі үш ауысымда ұйымдастырылған.

2021-2022 оқу жылындағы демалыс күндер

Білім министрлігі 2021-2022 оқу жылына арналған оқу уақытын бекітті:

  • 2021-2022 оқу жылы 2021 жылдың 1 қыркүйегінде басталады;
  • оқу жылының ұзақтығы бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) сыныптарда – 34 оқу аптасы.

Оқу жылы ішіндегі демалыс күндері:

  • 1-11 (12) сыныптар күзде 7 күн (2021 жылдың 1-7 қарашасы),
  • қыста 11 күн (2021 жылдың 30 желтоқсанынан бастап 2022 жылдың 9 қаңтарына дейін),
  • көктемде 12 күн (2022 жылдың 19-30 наурызы) демалады.
  • 1-сыныптар үшін қосымша 7 демалыс күн берілген, ол 2022 жылдың 7-13 ақпанына тура келеді.

Sputnik.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<