Оқушылардың сабағы тоқтамайды

795

0

Фото: ашық дереккөз

Бұл туралы Қызылорда қаласының білім бөлімінің баспасөз хатшысы Жарасхан Қуанышбайұлы хабарлады. Ауа райының қолайсыздығынан оқушылардың қауіпсіздігін ескеріп, жаяу жүргіншілер жолы тазаланып жатқанын хабарлады.

«Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары! 2023 жылдың 2 ақпандағы ауа райының қолайсыз болуына байланысты қалалық білім бөлімі төмендегіні мәлімдейді.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 18 қаңтардағы №42 «Қолайсыз ауа-райы метожағдайларында орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату бекітілген қағидалары негізінде жүргізілетінін назарларыңызға ұсынамыз.

Қазіргі таңда білім беру ұйымдарында тазалау жұмыстары жүргізіліп, бала қауіпсіздігі үшін мектеп ауласында, жаяу жүргінші жолдарында кезекшілік ұйымдастырылды. Сонымен қатар ата-аналардың шешімімен балаларын сабаққа жіберу мүмкіндігі болмаған жағдайлар да ескерілуде», – делінген хабарламада.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<