Оқыс оқиға орын алды

701

0

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін 25 қаңтар, сағат 11.10 шамасында Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр 3 км көшесінде жеке кәсіпкер Н.Амановтың жаңадан салып жатқан спорт кешенінің төбе жабынын жабу жұмыстары барысында төбе ағаштарының құлауы салдарынан 5 азамат жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Қазалы ішкі саясат бөлімі өзінің Facebook парақшасында жариялады.

4 азамат аудандық ауруханаға, 1 азамат теміржол ауруханасына «бас миының шайқалуы» диагнозымен қабылданды.

Аталған факт бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<