Оралдық азамат он келі есірткі алып жүрген

191

0

Қызылорда облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының инспекторлары «Самара-Шымкент» тас жолының 1356 шақырымында патрульдеу кезінде жол қозғалысы ережесін бұзған жеңіл автокөлігін тоқтатқан. Бұл туралы Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама рәсімдеу барысында автокөліктің жүк салғышынан жолаушыға тиесілі қапқа салынған ерекше иісі бар шөп ұнтақтары анықталды. Сараптама қортындысына сәйкес анықталған зат салмағы 10 кг. 160 гр. «кептірілген марихуана» екені белгілі болды, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 297-бабымен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Гүлбану МАҚАЖАН,

«Сыр бойы»

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<