Орақ батыр мұнарасы

2612

0

Мұнара Қазалы ауданы, Қожабақы ауылынан солтүстікке қарай 6 шақырым жерде орналасқан. Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші. Орақ батыр мұнарасы ХХ–ғасырларда салынған архитектуралық ескерткiш.

Ескерткіш күйдірілген кірпіштен соғылған (7х14х27 см) жоспары жағынан ауқымды өлшемдері: табанының диаметрі 4,10 м, биіктігі (төбені қоспағанда) 7,40 м. Мұнара жоспары бойынша дөңгелек, іші қуыс, жоғарыға қарай тарыла түскен, дамыған жертөлесі бар, барабандағы күмбезбен аяқталады, оның диаметрі мұнара денесінің диаметрінен айтарлықтай кіші. Тік күмбез ағаш оюлы төбемен аяқталады, күмбез астындағы барабаннан бұл күмбез қабырғасымен қойылған кірпіштердегі ернеу арқылы бөлініп тұр. Қазақ халқының көптеген тарихи әңгімелері, аңыз-әфсаналары ауыздан-ауызға жетіп отырғанын көзі қарақты жұрт жақсы біледі. Орақ батыр бірнеше жерде мешіт салдырған Қожаназар ишанның атасы. Орақ батырдан – Артықбай, Арланбай, Отбай. Артықбайдан – Қожаназар, Ақназар, Бекназар туады. Артықбайдан: Қожаназар, Бекназар, Ақназар тараған. Батыр бабамыз діни өте сауатты болғанымен молдалықпен айналыспаған кісі болған. Аса қайратты, жаужүрек ол елін-жерін анталаған жаудан қорғау үшін батырлық жолын таңдаған. «Батыр болсаң, жауыңа найзаң тисін» деген қағиданы берік ұстанған.

Бір күні Орақ батыр Хиуа хандығы әскерлерімен соғыс кезінде бесін намазын оқып отырғанда жау келіп қалса да, намазын бұзбапты. Хас дұшпаны Аллаға құлшылық етіп, мұсылмандық парызын өтеп отырғанына қарамастан, артынан келіп, көк желкеден басын шапқан. Наркескенмен шабылған Орақ батырдың басы шоршып түсіп, ылдиға қарай домалап кетіп, бір айдан кейін әрең табылыпты. Ағайын-туыстары Орақ батырдың басы қиылған жерге «Орақтың белгісі» атты биік мұнара орнатқан. Қазіргі уақытта Аранды қыратының биік төбесі «Орақтың белгісі» деп аталады.

Мұнараға 2020 жылы облыстық бюджет есебінен қайтажаңғырту жұмыстары жүргізілді. Қызылорда облысы тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасы берілген арнайы сайтта (www.virtualmap.xyz) мұнара туралы толық ақпаратты қарауға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<