Отбасылық кеңес беру кабинеті ашылды

477

0

Қалалық жұмыспен қамту, әлеуметті бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ғимаратында Отбасылық кеңес беру кабинеті ашылды.

Шараға Қызылорда қалалық сотының төраға міндетін атқарушы Н. Төлеш, облыстық билер кеңесінің төрағасы З. Нұрсейтов, қалалық соттың судья- координаторы А. Қаршыға, Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қ. Абдуллаев, қалалық жұмыспен қамту , әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары С. Сейдахметов, қалалық АХАТ бөлімінің басшысы Ш. Абдразакова, кәсіби медиатор Л. Бактибаева, адвокат С. Жарекеев және БАҚ өкілері қатысты.

Қ. Абдуллаев жиында Отбасылық кеңес кабинетінің мақсаты- білікті мамандардың көмегімен отбасылық мәселелерді шешу жолын қарастыру арқылы жанұя бақытын сақтауға өз септігін тигізетінін атап өтті. Сондай-ақ отбасылық даулардың түйінін шешу, оның алдын алу үшін мамандардың консультациялық қызметіне жүгіне алады. Татуластыру бағытында сотқа дейінгі реттеудің баламалы тәсілдерін кеңірек қолдануға мүмкіндік береді.

Отбасылық кеңес беру кабинетінде тараптар бала дауына , жанжалды соттан тыс шешудің артықшылықтары мен неке және отбасы заңнамасынан туындайтын басқа да мәселелер бойынша заң көмегін ала алады.

Іс-шара соңында облыстық соттар, АХАТ бөлімінің және “ Бітім” медиаторлар қоғамдық бірлестігінің арасында өзара іс-қимыл туралы төртжақты меморандумға қол қойылды.

Облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі

мамандандырылған ауданаралық

сотының психолог-инспекторы

Ж.ӘБДРАМАНОВА

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<