Озат диқандарға – автокөлік

877

0

Қазалы ауданындағы «Агро Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Медеу Есқожаев егін жинау науқанында мол табысқа қол жеткізген еңбек озаттарын марапаттады.

«Алтын дән-2021» салтанатты шарасында аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен серіктестік директоры Медеу Есқожаев күріш өсірушілер Аманкелді Шайықов пен Ғибрат Шүленбайға су жаңа автокөліктің кілтін табыстады.

Кырманның астыққа толуына аянбай еңбек еткен Аманкелді Нұрмашұлы мен Ғибрат Мархабатұлы өздеріне бекітілген күріштің әр гектарынан 72 центрден өнім жинаған.

Сондай-ақ, шарада «Агро Өркен» ЖШС-нің егіс бригадирі Кеңес Шайыққа 1 млн теңге, «Агро Өркен» ЖШС-нің механизаторы Жеңіс Қошқарбаев пен «Агро Өркен» ЖШС-нің ақ егіс бригадирі Мейрамбек Жәми 500 мың теңгенің қаржылай сыйлықтарына ие болды.

#Қазалы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<