Пандемия электронды коммерцияның дамуына серпін берді – Атамекен

361

0

Пандемия электронды коммерцияның дамуына серпін берді. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары Нариман Әбілшайықов осылай деді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі


«Бірге күш сала отырып, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы сауда базарларын жаңғыртуды 2023 жылға қалдыру мәселесі шешілді. Бәрі де бұл шешімнің дәл қазіргі жағдайда қаншалықты маңызды екенін түсінеді. Алайда пандемияның жағымды жақтары да бар. COVID-19 пандемиясы электронды сауданың және онлайн сатылымның өсіміне жол ашты», – деді Нариман Әбілшайықов Сауда және интеграция министрлігінің алқа отырысында. Оның айтуынша, карантин кезінде интернет арқылы бөлшек сауда көрсеткіші едәуір артқан. «Әсіресе дәрі-дәрмектің, тұрмыстық заттардың және азық-түлік саудасының өсімі байқалды. «Қазпошта» АҚ мәліметтері бойынша, электрондық коммерция нарығы 2020 жылдың 1 жартыжылдығында 435 миллиард теңгеге жеткен. Бұл бөлшек сауда айналымының 9,4%-ын құрайды. 2020 жылдың соңында бұл көрсеткіш шамамен 900 млрд теңгеге жетті. 2022 жылға қарай 1,9 трлн теңгеге жетеді деген болжаммымыз бар. Карантин кезеңінде қолма-қол ақшасыз төлем операциялары едәуір ұлғайды», – деді спикер.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<