Партия құрамы толықты

508

0

«Ауыл» халықтық-демо­кратиялық патриоттық пар­тия­­сының құрамы жаңа мү­шелермен толықты. Жиында партияның облыстық фи­лиалының төрағасы Серікбай Өмірзақов жылдық атқарған жұмысын баян етті. Сонымен қатар партия мүшелері қоғамдық мәселелер төңі­регінде пікір алмасты.

– Біз ауруханада туған жоқ­пыз, жарық дүние есігін ауылда аштық. Алғашқы жұтқан ауамыз да – шаңырақтыкі. Сондықтан біздің арман-мақ­сатымыз туған жермен ұштасып жатады. Сол мақсаттардың бірімен ауылдан «Ауылға» келдік, – дейді партияның жаңа мүшесі Алмасбек Нәлібаев.

«СБ» ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<