Павлодар әкімдігі қала атауын өзгерту туралы Желідегі хабарламаларға жауап берді

520

0

Желіде бірнеше блогер Павлодарды Сарыарқа деп атай бастады. Пікір жазушылардың кейбірі бұл қаланың атын өзгерту үшін жасалған арнайы PR науқаны екенін айтып жатыр, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осындай блогерлердің бірі Мейіржан Төребаев.

Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі өкілдері бұл болжамдарды жоққа шығарды.

«Павлодар атауын өзгерту жөніндегі ономастикалық комиссияға қандай да бір өтініштер мен ұсыныстар түскен жоқ. Қала әкімдігі мұндай мәселені қарастырмады. Сәйкесінше, блогерлерге ешқандай тапсырыс берілмеді және біздің тарапымыздан ешқандай пиар-науқан болған жоқ», – деп хабарлады Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер.

Павлодардың атауын өзгерту туралы қауесет биыл қаңтарында басталған. Бұл әлеуметтік желілерде үлкен дау тудырған еді. Бірқатар қоғамдық бірлестік пен ақсақалдар Павлодардың атауын Сарыарқа деп өзгертуді қолдады. Бұдан басқа, қалаға Тәшенов және Ертіс атауын беру ұсынылды.

Алайда ақпанда Павлодар облысының жаңа әкімі Әбілқайыр Сқақов қалада шешімін таппай жатқан басқа да маңызды мәселелер жеткілікті екенін мәлімдеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<