Павлодарда жоғалып кеткен 12 жасар қыз біреудің гаражында есін жиған

1067

0

22 наурызда шамамен сағат 16:00-де үйінен қоқыс тастауға шыққан 12 жасар Ксения Зорина сол күні үйіне оралмады. Павлодар қаласындағы «VITA» еріктілері шұғыл түрде қыз баланы іздеуге шыққан. Іздеу шараларына полиция қызметкерлері мен кинологтер жұмылдырылды. Қыз бала дін аман табылды. Айтуынша, көшеде есінен танған ол біреудің гаражы әлде жертөлесінде есін жиды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Болған оқиғаның мән-жайымен Павлодардың «VITA» еріктілер тобы Instagram-дағы парақшасында бөлісті.

12 жасар Ксения Зорина сағат 16:00-де үйінен қоқыс тастау үшін далаға шығып кеткен. Оның үйі Короленко көшесінде орналасқан. Қыз бала содан үйіне оралмады. Оны іздеуге еріктілер, полицейлер мен кинологтер шықты. Бірнеше сағаттан соң қыз бала дін аман табылған.

«Оның айтуынша, ол көшеде есінен танып, біреудің гаражы әлде жертөлесінде есін жиды. Ол қатты жылады. Қалтыраған, үсті-басы су, қарда жатқан екен. Қасында ешкім болған жоқ. Гараж немесе жертөледен өзі шығып кеткен. Қыз бала қалада жалғыз жүре алмайды. Бірақ таныс жолды көріп, сол жолмен жүре берген. Біз қыз баланың ауласына барып тағы қарасақ, бір кезде өзін байқадық. Сол күні кешке оны жедел жәрдем алып кетті. Ата-анасы бізбен әзірге хабарласқан жоқ», – деп баяндады «VITA» еріктілері.

Еріктілер қыз баланың жоғалуының мән-жайы мен оның шынымен қайда болғаны анықталатын айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<