«Педагогикалық идеялар аукционы» байқауы қорытындыланды

933

0

Өрлеудің филиалдарында жыл сайын өткізілетін педагогтердің кәсіби байқаулары, педагогикалық оқулар, олимпиадалар еліміздің білім беру жүйесін дамытуға, білім алушыларға сапалы білім беру әдістерін оқу үдерісіне кеңінен енгізуге, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, озық педагогикалық тәжірибесін таратуға ықпал етеді.

«Өрлеу» Қызылорда филиалында бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында «Педагогикалық идеялар аукционы» облыстық байқауы өтті.

Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін арттыру, оларды әдістемелік қолдау, заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау мақсатында ұйымдастырылған аукционға 40-қа жуық өтінім келіп түсті.

Байқау нәтижесі бойынша үздік жұмыстар сарапталып, жеңімпаздар анықталды.

«Үздік заманауи сабақ» номинациясы бойынша:

1-орын – Ідірісова Аяжан Мухамбединқызы, Қызылорда қаласындағы «Ziyatker» инновациялық мектеп-лицейінің мұғалімі;

2-орын – Нишанбаева Динара Хамидовна, Жаңақорған ауданындағы №195 мектеп-гимназияның мұғалімі;

3-орын – Сәрсен Самал Байзекеқызы, Қазалы ауданындағы №25 орта мектептің мұғалімі.

«Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша:

1-орын – Аманкелдиева Перизат Шыңғысбекқызы, Қызылорда қаласындағы Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің мұғалімі;

2-орын – Омарова Мольдир Карабаевна, Жаңақорған ауданындағы Т.Әбдірашев атындағы №239 орта мектептің мұғалімі;

3-орын – Нурмаханова Жанэтта Шадимановна, Қызылорда қаласындағы Абай атындағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің мұғалімі.

«Үздік практикалық/лабораториялық жұмыс» номинациясы бойынша:

1-орын – Баймаханова Гүлсайрам Алшынқызы, Қазалы ауданындағы №266 мектеп-лицейдің мұғалімі;

2-орын – Меңбаева Гүлшат Мақсұтқызы, Жалағаш ауданындағы №114 орта мектептің мұғалімі;

3-орын – Сейлова Айнур Ибрагимовна, Арал ауданындағы №59 орта мектептің мұғалімі.

«Үздік семинар» номинациясы бойынша:

1-орын – Басанова Ляззат Сериковна, Қызылорда қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің мұғалімі;

2-орын – Жаппасбаева Дана Ділдабайқызы, Шиелі ауданындағы №214 орта мектептің мұғалімі;

3-орын – Кошанова Халима Абдуллаевна, Жаңақорған ауданындағы М.Қаратаев атындағы №51 орта мектептің мұғалімі.

Байқау қорытындысы бойынша озық нәтиже көрсетіп, жұмыстары үздік танылған жүлдегер ұстаздарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Ақманат БАСАНОВА,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

филиалының аға оқытушысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<