Педагогикалық идеялар фестивалі өтті

941

0

Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

№8 П.Д.Осипенко атындағы орта мектеп базасында химия, биология пәндерінің мұғалімдерінің қатысуымен «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті. Шараға қалалық білім бөлімінің әдіскері Гүлсая Алдабергенқызы қатысты. Байқаудың мақсаты педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.

Конкурс нәтижесінде қатысушылар жүлделі орындар мен Алғыс хаттармен марапатталды:

Жүлделі І орын №285 мамандандырылған мектеп-лицей интернатының химия пәні мұғалімі Болатқызы Салтанат,

ІІ орын Абай атындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған сыныптары бар мектептің биология пәні мұғалімі Алимова Венера, ІІІ орын И.В.Панфилов атындағы №5 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Каиркулова Айнур,

ІІІ орын Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Сыздықова Айгерім,

ІІІ орын Әли Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі Бекенова Ұлболсын,

ІІІ орын М.Шоқай атындағы №187 IT мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Айтбай Меруерт, алғыс Н.А.Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Дүйсенова Акбота марапатталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<