«Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» байқауы басталды!

227

0

Фото автордан

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы бейнесабақтар және бейнедәрістердің «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2024» республикалық байқауының басталғандығын хабарлайды.

Республикалық байқау мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдары қызметкерлерінің құралдық және пәндік сауаттылықты дамыту саласындағы заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану жөніндегі озық педагогикалық идеяларын ұсыну және тарату нысандарының бірі болып табылады.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» әрбір қазақстандық педагогке 12 бағыттың бір

ерте сауаттылық (мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу);

оқу сауаттылығы;

математикалық сауаттылық;

жаратылыстану-ғылыми сауаттылық;

цифрлық сауаттылық;

медиа-ақпараттық сауаттылық;

қаржылық сауаттылық;

экологиялық сауаттылық;

денсаулық сақтау сауаттылығы (медициналық сауаттылық);

әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық;

мәдениетаралық сауаттылық;

азаматтық-құқықтық сауаттылық) бойынша бейнематериал түрінде өзінің авторлық материалын ұсынуға мүмкіндік береді.

Байқауға жеке немесе авторлық топпен қатысуға болады (топтағы қатысушылар саны 3 адамнан аспауы керек). Бейнематериалдардың: дәріс, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, шеберлік сабақ, цифрлық білім беру ресурсы мен бейнеподкаст секілді түрлері қабылданады.

Түсірілген материалдарды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынуға болады. Конкурсқа қатысушылардан берілетін бейнематериалдардың саны шектеулі. Бір педагог немесе бір авторлық топ тек бір бағытқа қатысуға өтініш беріп, бір бейнематериалды жібере алады.

Байқау жұмыстары 7 критерий бойынша бағаланады:

бейнересурстың өзектілігі;

дәлелділігі;

пәнаралық интеграциясы;

әдістемелік құндылығы;

инновациялылығы;

сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлігі;

аудио/бейнеқатар сапасы.

12 бағыттың әрқайсысына 1 бірінші орын, 2 екінші орын және 3 үшінші орын беріледі. Өңірлік және республикалық кезеңдердің барлық қатысушылары қатысқаны үшін сертификаттармен немесе 1, 2, 3 дәрежелі жеңімпаздардың дипломдарымен марапатталады. YouTube-те ең көп қаралған бейнематериал үшін әр бағыт бойынша мадақтау сертификаты қарастырылған. Байқаудың барлық марапаттау құжаттары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі №72 бұйрығына сәйкес аттестаттау кезінде біліктілік санатын беру немесе растауда ескеріледі.

Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысуға өтінімдер https://ppi.orleu-edu.kz сайтында 24 сәуір мен 15 қазан аралығында қабылданады. Қосымша ақпарат алу үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Қызылорда облысы бойынша филиалына хабарласуларыңызға болады.

Гүлхаят Махмутова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

филиалының баспасөз хатшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<