«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының жеңімпаздары марапатталды

501

0

Сурет Өрлеу Қызылорда

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен биыл төртінші мәрте өткізілген «Педагогикалық идеялар панорамасы-2023» Республикалық байқауының облыстық кезеңі аяқталды.

Байқаудың өңірлік кезеңіне Қызылорда облысынан 12 бағыт бойынша 164 педагогтен өтінім келіп түскен. Оның ішінде, шығармашылық жұмыстары жоғары бағаланған 44 қатысушы өңірлік кезеңнің жүлдегері атанды.

Бүгін «Өрлеу» Қызылорда филиалында байқаудың өңірлік кезеңіне қатысып, жүлделі орындарға ие болған ұстаздарды марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шарада жүлдегер-педагогтерге 1, 2, 3 дәрежелі дипломдар табыс етілді. Облыс педагогтерінің үздік танылған 9 бейнежұмысы республикалық кезеңге қатысуға жолдама алды. Өңірлік кезеңге қатысқан барлық қатысушыларға бірыңғай үлгідегі сертификаттар беріледі.

Әрбір педагогтің ізденісі мен жаңашылдыққа ұмтылысына, кәсіби өсуіне, шеберлігін шыңдауына мүмкіндік беретін «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының Республикалық кезеңіне қатысушы Сырбойылық әріптестерімізге сәттілік тілейміз!

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<