Погон таққан әйел

557

0

Қазіргі уақытта полиция қатарындағы әйелдер ер азаматтармен бірге ішкі істер органдарында қызмет етеді. Бүгінде барлық полиция қызметтері мен бөлімшелерінде әйелдер өздеріне жүктелген міндеттерді лайықты орындай отырып қызмет атқарып келеді. Тұрақты емес жұмыс күні, тәулік бойы кезекшілік, жедел-профилактикалық жұмыстарға қатысу, полициялық рейдтер, қызметтік іссапарлар ІІО- дағы қызметтің нақты шарттарының толық емес тізімі.

Полиция подполковнигі Айнұр Нұржанова ІІО-дағы қызметін 2004 жылдан бастап атқаруда. 16 жыл бойы Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің штаб-бөлімшесінің бастығы лауазымында қызмет атқарып келеді.

Қазақ гуманитарлық-заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген соң, ол өз өмірін ІІО қызметімен байланыстыратынын білді. Мамандыққа деген адалдық, іс-әрекеттің ерекшілігі мен қиындықтарына қарамастан адамдарға қызмет етуге деген ұмтылыс, күшті рух біздің кейіпкерімізге тән қасиеттер. Бірнеше рет ҚР ІІМ, Көліктегі ПД грамоталармен марапатталған. 2021 жылдың қорытындысы бойынша көлік өңірі бойынша штабтың үздік бастығы болып танылды. Осы жылдың 8 Наурыз мейрамы қарсаңында ҚР ІІМ бұйрығымен «ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Қазіргі уақытта оның інісі А.Нұржанов әпкесінің ізімен ІІО-да қызмет етеді.

Айнұр Нұржанова – көлік полициясының жас қызметкерлеріне тәлімгер болып, заң саласындағы тәжірибесі мен білімін береді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<