Полиция қызметкерлеріне алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша сабақ өткізілді

367

0

Ағымдағы жылғы 4-ші тамыз күні Көліктегі полиция департаментінің нұсқауы бойынша Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің жеке құрамына Қызылорда полиция департаментінің жанындағы емхананың медицина қызметкерлері терапевт Иманова Мөлдір Мұратбековна алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша теориялық сабақ өтіп, содан кейін  практикада қалай көмек көрсету керек екенін көрсетіп түсіндірді.

Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызмепткерлері қызмет көрсететін теміржол мен әуе көлігінде жиі кездесетін және алғашқы медициналық көмек көрсететін жағдайларды айтып, сұрақтарын қойды. Медицина маманы қызметкерлердің барлық сұрақтарына жауап беріп, жедел медициналық қызметі келгенше қандай алғашқы медициналық көмек көрсету қажет екенін айтып және практикалық түрде көрсетіп түсіндірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<