Президент Наурыз мейрамында Алматыда болады

280

0

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барды.

 Ақорданың ресми ақпарат көзінің хабарлауынша, бүгін Президент Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылатын бірқатар іс-шараға қатысады.

Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты тақырыпта өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы 2024 жылы 24-25 сәуір күндері Астана қаласындағы Президенттік орталықта өтеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<