Президент: Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйерлері үшін қуаныштымын

529

0

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-парақшасында футболдан ұлттық құрамасының жеңісі жайлы жазба жариялап, өз алғысын білдірді.

Біздің ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның мықты командасымен алаңдағы кездесуін қызыға тамашаладым.
Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйерлері үшін қуаныштымын.
Әсіресе «Астана жастары» мен басқа да ұйымдар еріктілерінің, сондай-ақ жекелеген азаматтардың, белсенділердің үлгі аларлық ісін айрықша атап өткім келеді. Олар ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шықты.
Футболшыларымызды және жастарымызды мақтан тұтамын, – деп жазды Президент өз парақшасында.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<