Президент Жарлығымен екі адамға «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

949

0

Президент Жарлығымен Вадим Басин мен Мұрат Қайыргелдинге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Басин Вадим Борисович – «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры, Қарағанды облысының Теміртау қаласы

Қайыргелдин Мұрат Амангелдіұлы – «Еуроазия энергетикалық корпорациясы» АҚ «Восточный» кенішінің машинисі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы», делінген Жарлықта.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<