Пробация қызметі есебіндегілер жалғызбасты зейнеткерге жәрдемдесті

1100

0

Жалағаш ауданы жастарының «Темірқазық» қоғамдық бірлестігі мүшелері мен пробация қызметі есебінде тұрғандардан еріктілер тобы құрылып, олар өз қаржысына тұрмыстық жағдайы төмен зейнеткердің  үйін шатырлап берді.

Жалғызбасты зейнеткер қыс-көктем айларында қатты қиналған. Қыста сыз тартып, көктемде жаңбыр жауса, төбесінен су ағатын үйде өмір сүріп келген. Әжейдің тұрмысымен танысқан есептегі азаматтар қол қусырып отыра алмады. Тез әрі жылдам шешім қабылдып, шатырға қажетті заттарды алып, сабауы мол іс тындырды.

Өмірде шалыс қадам басса да адамгершіліктен айнымаған азаматтарға үй иесі риза. Ол қол ұшын бергендерге батасын берді.

Облыс бойынша ҚАЖД Жалағаш аудандық пробация қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<