Путин сайлауға қайта түсетінін мәлімдеді

309

0

Сурет: pixabay

Ресей президенті Владимир Путин сайлауға қайта түсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресей президенті Владимир Путин әскери қызметкерге президент сайлауына түсуді жоспарлап отырғанын айтты, деп жазды РИА Новости.

Бір күн бұрын Федерация Кеңесі президент сайлауын 2024 жылғы 17 наурызға белгіледі.

Ал Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилова дауыс беру үш күнге – 15-17 наурыз аралығында өтетінін айтты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<