Қалыңдық алып қашқандар жылқыға соғылып, 4 адам жансақтау бөліміне түсті

559

0

Батыс Қазақстан облысында қалыңдық алып қашқандар автокөлікпен жылқыға соғылып, 4 адам жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 30 тамыз күні Бөрлі ауданында болды.

Шамамен сағат 22.30-да Пугачев ауылы маңында Бөрлі-Ақсай-Жымпиты жолының 27-шақырымында 1999 жылғы жүргізуші «Лада Приора» автокөлігімен 3 жылқыға соқтығысуға жол берді.

Зардап шегушінің сөзіне қарағанда, олар қыз алып қашып, Оралдан Ақсай қаласына бара жатқан.

Жол апаты салдарынан 5 адам зардап шекті. Соның ішінде төртеуі жансақтау бөліміне, біреуі хирургиялық бөлімшеге жатқызылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<