Қамқорлыққа зәруміз

481

0

Жаңа жыл қарсаңында біздің отбасымыз күтпеген апатқа ұшырады. Мамыражай отырғанда электр желісінің ақауынан бес бөлмелі үйіміз лезде өртке оранды. Өрт сөндірушілер апатты жоюға бар күш-жігерін салды. Амал не, өрт бой бермей, лаулай түсті.

Сонымен қазір үй-күйсіз халге ұшырап, алты жан көршіміздің үйін паналап отырмыз.

Сыр елі қашаннан кемтарларға, оқыс жағдайларға тап болғандарға қол ұшын созушы еді. Бізге де қалталы азаматтар, кәсіпкерлер, жекелеген азаматтар үйімізді қалпына келтіруге қол ұшын созып, көмек берсе екен деп үлкен өтінішімізді жеткізгіміз келеді. Қалың қауымнан көмек күтеміз.

Үлкен үмітпен,

Кәтен Қойшыбаева, тыл ардагері.

Қызылорда қаласы,

Құдабаев көшесі №4

Тел: 87082344694

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<