Қаңтар-наурыз: көрсеткіштер таразыға түсті

438

0

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған жиын өткізді. Онда 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы көрсеткіштер мен қаржының игерілуі сараланды.

Облыстық экономика және бюджетті жоспарлау бас­­қар­­­масының басшысы Нұр­ғали Қордабай негізгі ин­ди­­­ка­торлық көрсеткіштерге тоқталды.

Өңірде осы жылдың қаң­тар-наурызында оң әлеу­мет­тік-экономикалық жағдай қа­лыптасқан. Инвести­ция көлемі 42,9 млрд тең­гені құра­ды. Бұл өткен жыл­дың тиісті кезеңімен салыс­тырғанда 107,6%.

Ауыл шаруашылығының жал­­пы өнімі 13,3 млрд теңгеге жет­кен. Бұл өткен жылмен са­лыс­­тырғанда 2,7% артық.

Есепті кезеңде ет өндіру көлемі 3,4, сүт өндіру 2,2%, тауық жұмыртқасы 28,3% процентке артты. Ал, тұтыну бағаларының индексі наурыз айында 101,7% құрады. Оның ішінде азық-түлік тауарларына баға индексі 103,0, азық-түлік емес тауарларға 101,3%, ақылы қызмет 100,3% жеткен.

Бүгінде облыстың 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары аясында өңірде бизнес өкілдеріне 265 жоба ұсынылған. Айталық, биыл 13,8 млрд теңге құрайтын (895 жұмыс орны) 96 жобаны іске асыру жоспарлануда. Бүгінгі күні оның 15-і іске асырылған. Наурыз айындағы жоспарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, жобалар саны 404-ке жеткен. Енген жобалардың басым көпшілігі – ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге, дайын азық- түлік, азық-түлік емес және құрылыс тауарларын шығаруға бағытталған.

Жиында «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасының орындалу барысы сараланды. Бағ­дарлама арқылы Қазалы, Қар­мақшы, Жалағаш, Сырда­рия және Шиелі аудандарына қарасты ауылдық елді ме­кен­дерде 1,9 млрд теңгеге 13 инвестициялық жоба іске асы­рылып, нәтижесінде 117 жұ­мыс орны құрылатын болады.

Жиында І тоқсанда игеріл­ген қар­жы мәселесі де тал­қы­­ланып, облыстық қаржы бас­­қар­масы басшысының орын­­­ба­сары Ғабит Жаңабаев ат­­қа­­рыл­­ған жұмыстарды баяндады.

Облыс бюджетінің 2021 жыл­дың 1 сәуіріне түсімдер болжамы 106,2% орындалған. Оның ішінде өз кірістері 138,8% орындалып, облыс бюд­­жетіне 4,6 млрд теңге ар­тық түсіп отыр.

Облыс бюджетінің 2021 жылдың 1 сәуіріне шығыстар жоспары 99,8% игерілді. Үнем­делген қаржы – 113,2 млн теңге.

Жиын қорытындысында облыс әкімі межеленген жұ­мыс­­тарды уақы­тылы аяқ­тау­ды және көрсет­кіш­тердің ұдайы сараланып отыратынын на­зарға салды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<