Қар, көктайғақ, тұман: 5-7 қазан аралығында елімізде күн одан сайын суытады

387

0

«Қазгидромет» РМК мамандары 5-7 қазан аралығында ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады деп хабарлайды Қазақпарат.

Алдағы үш күнде Қазақстан аумағының басым бөлігі жауын-шашынның алдын алуға және ауа температурасының одан әрі төмендеуіне әкелетін солтүстік- батыс антициклонның ықпалында болады.

Ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінің ауа райы циклонға байланысты болады. Сондықтан мұнда жаңбыр мен қар жауады.

6 қазанда таулы аудандарда қатты жауын-шашын күтіледі. Жауын-шашынмен бірге тұман түседі, көктайғақ болып, бұрқасын көтеріледі.

Түнде Қазақстанның батысында ауа температурасы – 0-5 аязға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталықта – 5-10 аязға дейін, шығыста – 3-11 аязға дейін төмендейді.

Оңтүстікте түнгі уақытта аумақтың көп бөлігінде 1-6 градус аяз болады.




 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<