«Қарапайым заттар экономикасы»: Несиені субсидиялау мерзімі 10 жылға ұзартылды

446

0

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламаларының қалай іске асып жатқанын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бұл бағдарламалар бойынша кәсіпкерлер үшін несие мөлшерлемесі төмендетіліп 6% құрады. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы аясында несиенің ең көп мөлшері 7 млрд. теңгеге дейін субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін ұлғайтылды. «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша несие сомасы шектелмеген, ал субсидиялау мерзімі 10 жылды құрайды», – деді Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында.

Ол, сондай-ақ, былтыр «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы бойынша салалық шектеулер алынып тасталғанын, ал «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесі 150 экономикалық жіктеуішке дейін жеткізілгенін атап өтті.


 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<