Қарашада ауа райы қандай болады?

263

0

Қараша айында облыста жел, тұман күтіледі. Айдың аяғында көктайғақ болуы ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Айгерім Жөкелова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Қарашада облыстың басым бөлігінде орташа ауа температурасы 00, +40 шамасында болады. Ал облыстың солтүстік бөлігінде мөлшер шамасынан +1 градусқа жоғары болады деп күтілуде.

– Бірінші онкүндіктің соңына дейін облыс бойынша жауын-шашынсыз ауа райы орнайды. Ауа температурасы түнде 00+50 жылы болса, күндіз +10 +15 градус жылы. Облыстың оңтүстігінде +18 шамасында болады. Онкүндіктің аяғында, 6-7 қараша күндері облыс бойынша ауа температурасы сәл төмендейді. Түнде 0-5 градус аяз болса, күндіз +50+100 жылыға дейін төмендейді. Онкүндіктің аяғында облыстың солтүстігінде және орталығында жауын-шашын күтіледі, – деді Айгерім Жөкелова.

Екінші онкүндікте ауа температурасы аздап төмендейді. Түнгі температура -1-6 градус аяз, күндіз +5 +10 градус жылы шамасында болады. Үшінші онкүндікте ауа температурасы түнде – 40 -90-қа төмендесе, күндіз 0, -5 градус шамасында жылы болады.

Қараша айында облыста жауын-шашын норма шамасында, облыстың солтүстігінде нормадан сәл жоғары жауады деп күтілуде. Жауын-шашын бірінші онкүндіктің аяғында, екінші онкүндіктің басында жауады. Сонымен қатар облыста жел, тұман күтіледі. Айдың аяғында көктайғақ болуы ықтимал. Екпінді жел 15-20 м/с, облыстың орталығында 23-28 м/с дейін көтерілуі мүмкін. Желдің күшеюі айдың ортасында күтіледі.

«СБ» ақпарат

*сурет ашық дереккөзден алынды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<