Қаржы шын мұқтаждың қалтасына түседі

359

0

Қоғамдық маңызы зор әлеуметтік қорғау саласы қашанда игі істерге, жаңа бастамаларға, ауқымды жұмыстарға толы. Елімізде әлеуметтік қорғауға мұқтаж жандардың өмірлік қажеттіліктерін және әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік жасалып келеді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы әлеуметтік көмек адамның кірісіне емес, шығысына қарап анықталуы тиіс екеніне тоқталды. Мемлекеттен көмек алу үшін табысын әдейі азайтып көрсететіндерге бұдан былай жол берілмейді. Қаражат шын мұқтаж жанның қалтасына түсуге тиіс.

Сонымен қатар, «Мансап» орталықтарының қызметкерлеріне жалақы төлеу мәселесін тұрақты жұмысқа орналастырылған адам санының (яғни 6 айдан кем емес зейнетақы мен өзге де аударымдары бар) нәтижесіне қарап төлеу тапсырмасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жалақы төлеу әдістемесін пысықтауда. 2024 жылдың қаңтар, ақпан айларында 4562 отбасына атаулы әлеуметтік көмек төленді. Осындай отбасылардағы бір жастан алты жасты қоса алғанға дейінгі 7165 бала қосымша төлем алды.

Әлеуметтік келісім-шарт негізінде көмек алушылардың қатарындағы еңбекке жарамды жастағы 236 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтылды.

Аз қамтылған отбасыларға коммуналдық қызмет шығындарын өтеу үшін 909 отбасына тұрғын үй көмегі көрсетілді. Жергілікті атқарушы органдар шешімі бойынша жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 5750 адам әлеуметтік төлемдермен қамтылса, бюджеттен тыс көздерден көмекке мұқтаж халықтың әлжуаз топтарынан шыққан 3 643 адамға қайырымдылық көмек көрсетілді.

«2024 жылға арналған жұмыспен қамтудың өңірлік жол картасы» шеңберінде 46475 жұмыс орнын ашу жоспарланса, 2 айдың қорытындысымен 10503 жұмыс орны ашылды.

«Қазақстан Республикасының еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» шеңберінде 15305 адамды жұмыспен қамту көзделген. Жұмыс іздеуші ретінде жүгінген 21200 адамның іс-шараларға қатысушы ретінде 11439 адам тіркелді. Олар төмендегідей бағытталды:

– 1395 адам бос жұмыс орындарына орналастырылды;

– «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға 444 адам жолданды, олардың 302-сі оқу курсын аяқтап, сертификат алды, 5-і белсенді шарамен қамтылып, 13-і өз кәсібін ашты.

– 1129 адам «Электронды еңбек биржасы» порталы арқылы онлайн оқудан өтті.

– субсидияланатын жұмыс орындарына 8471 адам жұмысқа орналастырылды.

Облыс бойынша 16 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, онда 211 жұмыс берушіден 952 бос жұмыс орындары ұсынылып, жәрмеңкеге қатысқан 1002 жұмыссыздың ішінен 316 адам тұрақты, 29 адам уақытша жұмысқа орналастырылып, 786-сы кеңес алды. 4086 адамға жұмысынан айырылуына байланысты жәрдемақы тағайындалды. 564 көпбалалы ұлттық жобаға қатысып, бос жұмыс орындарына 65, белсенді шараларға 499 адам жолданды, «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 38 адам оқыды. 597 мүмкіндігі шектеулі азамат қатысып, бос жұмыс орындарына 36, белсенді шараларға 561 адам жолданды, «Бастау бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздері бойынша 32 адам оқыды.

3205 жас әртүрлі шаралармен қамтылды. «10 мың адамға 100 жұмыс орнын құру» тапсырмасына сәйкес 466 жұмыс орны құрылды. «Жұмыспен қамтудың өңірлік картасы» шеңберінде осы жылы 280 жоба бойынша 171 жұмыс орны құрылды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру квотасы шеңберінде 12 адам еңбекпен қамтылды.

Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 14242 мүгедектігі бар адамның 9794-і оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді.

Облыс көлемінде 2023-2027 жылдарға 1835 әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын бейімдеуден өткізу жоспары белгіленіп, жұмыс жүргізілуде.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<