Қаржылық есеп – мұқияттылық пен дәлдік

466

0

Қаржылық есеп – бұл барлық шаруашылық операцияларды жаппай, үздіксіз құжаттық көрсету жолымен мекеменің қаржы-шаруашылық қызметі туралы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтаудың реттелген жүйесі. Есеп бөлімі осы ақпаратпен қамтамасыз етіп қана қоймай, оны жинақтап, қорытындылып, қаржылық есептілікті дайындап ұсынушы. Ендеше мекеменің  кірісі мен шығысын бақылап, қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуші процесс жайлы сөз қозғасақ.

Біздің жұмыс әрбір  бас бостандығынан айырылушының  мойынына ілінген қарызын өтеуіне ықпал жасау және отбасына қол көмегін беруге септік болу. Тағдыр тәлкегіне түскен, абайсызда ағаттық жасап өмірінің көп уақытын темір тордың ар жағында өткерер азаматқа түзелу үшін мемлекеттің көмегі орасан. Мұны баса айтқан жөн.

Мәселен, бас бостандығынан айырылса да мемлекет жағдайын жасап, жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Осы орайда үй-іші отбасын, ұрпақтарын асырауға немесе мемлекет пайдасына өтелуі тиіс яғни (жәбірленуші өтемақы қоры және БАЖ салығы) мойынына ілінген қарызды өтеп беруге біздің көмегіміз зор. Сот орындаушылармен тығыз байланыса отырып, жазасын өтеуші азаматтың әрбірімен күнара жүздесіп тілек, арыз-шағым, өтініштерін тыңдап, жүзеге асырамыз. Оның ішінде, түзелу жолында еңбекпен тапқан  қаражатын қалауы бойынша (өз-еркімен) отбасына аударып немесе мойынындағы қарыздары өтелсе, мекеменің депозиттік шотына жинақтап қойса да болады. Себебі, жинақталған қаражатын бостандыққа шыққанан кейін де өз пайдасына  жарата алады.

Бұл тұрғыда біздің қызметіміз мұқияттылық пен дәлдікті талап етеді. Әр саланың жұмысы мен жауапкершілігі маңызды болғандықтан біз де өз міндетімізді аса ықтиятпен атқарып, әрбір борышкердің еңбек ақысын тиісті мөлшерде бөліп отыруға маңыз береміз. Борышкердің түзелу жолындағы еңбектеріне құрметпен қараймыз.

Гүлназ МҰРАТБАЙ,

қаржымен қамтамасыз ету бөлімінің есепшісі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<