Қаржылық тәртіптің тегеуріні

352

0

Облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Сатлабаевтың төрағалығымен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандар даярлауға бөлінген бюджет қаражатын және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша кездесу өткізілді.

Оған тексеру комиссиясының бөлім басшылары А.Ысқақова, Ж.Әбсат және облыстық білім басқармасының өкілдері, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледждері, М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық, Жалағаш, Сырдария аграрлы-техникалық, Шиелі индустриалды-аграрлық колледждері директорлары мен есепшілері қатысты.

Аудиторлық іс-шара қорытындысына тексеру комиссиясының мүшесі Мирамбек Ахметұлы тоқталып, заңнама нормалары талаптарының  ішінара бұзылуына жол берілгені айтылды. Жалпы сомасы 6052766,1 мың теңгенің бұзушылықтары анықталған. Оның ішінде, қаржылық бұзушылықтар 5916598,3 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты мен активтер 136167,8 мың теңге құраса, 71 рәсімдік сипаттағы бұзушылық анықталып отыр. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдарға 36 факт бойынша мемлекеттік аудит материалдары жіберілді.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе талқыланған соң, тексеру комиссиясы тарапынан кемшіліктерге жол бермеу ескертілді. Жиынға қатысушылар ұйымдастырушыларға сұрақтар қойып, жауап алды. Сондай-ақ ұсыныстар талқыланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<