Қазалы ауданының әкімі ауысты

7911

4

Облыс әкімінің өкімімен, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қазалы аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Қазалы ауданының әкімі лауазымына (ротациялық тәртіппен) Оразбаев Мұхтар Әуесұлы тағайындалды.

Оразбаев Мұхтар Әуесұлы 1971 жылы Арал қаласында туған.

Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1997 жылы «Аралбалық» акционерлік қоғамы автопаркінің механигі ретінде бастаған.

1997-1999 жылдары «Көл» акционерлік қоғамының бас инженері, 2000-2002 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратының төтенше жағдайлар жөніндегі жетекші маманы, 2002-2005 жылдары Арал ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің төтенше жағдайлар жөніндегі бас маманы, 2005-2006 жылдары Арал ауданы әкімі аппараты құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі болды.

2006-2012 жылдары Арал ауданы әкімі аппаратын басқарса, 2012 жылдың қаңтар айынан бастап 2016 жылдың қазан айына дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Содан бастап бүгінге дейін ауданды басқарды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<