Қазалы: Басықара мен Абай ауылының арасындағы жол асфальтталып жатыр

740

0

Биыл бюджеттен бөлінген қаржыға Басықара мен Абай ауылының аралығындағы жол асфальтталып жатыр. Екі елді мекен аралағындағы жолдың ұзындығы 17 шақырым. Қазіргі таңда «Строй Модуль Астана» ЖШС 5,5 шақырым жолды асфальттап болды.

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Абай ауылының тұрғындары үшін маңызы жоғары жолды асфальттау жұмыстарымен танысты. Серіктестіктің директоры Жарасхан Мұратбаев аудан басшысына атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндап, жол жөндеуді толық аяқтау үшін қосымша қаржы қажеттігін жеткізді.

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев бірінші кезекте жолдың сапасына мән беру қажеттігін тапсырды. Ал, асфальттау жұмыстарына қажетті қаржы көздері қарастырылатынын айтты.

Айта кетейік, Басықара мен Абай ауылының жалғастыратын бұл жолдың маңыздылығы жоғары. Көктемгі мезгілдегі абыржының уақытында дариядағы қалқымалы көпір уақытша алынып, аудан орталығымен байланыс үзілгенде абайлықтар осы жол арқылы қатынайды. Ал, бұл уақытта аталған жолмен жеңіл машина жүре алмайды. Ауыр техниканың өзі жүру қиынға соғады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<