Қазалылықтар Алғыс айту күнін атап өтті

211

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Бүгін Қазалыда 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған мерекелік шара өтті. Салтанатты шара барысында аудан өнерпаздары қоғамдағы түрлі сала өкілдеріне алғыс білдіріп, ризашылық көңілдерін ән-би арқылы жеткізді. Шараға аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбет қатысып, қазалылықтарды көктем мезгілінің алғашқы күніндегі айтулы мерекемен құттықтады.

-Ауданымыздың жыл сайынғы әлеуметтік экономикалық даму көрсеткіші жоғарылап келеді. Түрлі әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар ел игілігіне берілуде. Жолдардың жағдайы жақсарып, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін біршам түйінді түйіткілді мәселелер шешімін тауып келеді. Әрине, теңдесі жоқ киелі өлкенің дәл осылай өркендеп өсуі барша Қазалы жұртшылығының алғаусыз пейілі мен адал еңбегінің нәтижесі деп есептеймін. Осы сәтті пайдалана отырып, барша аудан халқына оның ішінде қасиетті өлкенің дамуы жолында әрібір салада қалтқысыз қызмет етіп жүрген жандарға шынайы алғыс айтамын, – деді аудан басшысы.

Мұнан соң мерекеге орай қоғамға еңбегі сіңген бірқатар еңбек адамдары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» және арнайы сыйлықтарымен марапатталып, құрметке бөленді.Мерекелік шара елдегі ынтымақ пен бірлікті дәріптейтін концерттік бағдарламаға ұласты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<