Қазантаев – Қызылорда қаласының әкімі

5738

6

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Қызылорда қаласы әкімдігінде өткен актив жиынында жаңа қала әкімін таныстырды.


Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Қызылорда қалалық мәслихатының келісімдері бойынша облыс әкімінің 2021 жылдың 8 сәуірдегі өкімімен Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы тағайындалды.


Ғанибек Қазантаев 1960 жылы Қызылорда облысында туған. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «инженер-құрылысшы» және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «мұнай және газ кеніштерін игеру» мамандықтары бойынша бітірген.


Еңбек жолын 1980 жылы Жалағаш аудандық 9-шы жылжымалы механизацияланған колоннаның мастері ретінде бастаған.


1983-1992 жылдары Қызылорда облысындағы құрылыс ұйымдарында мастер, аға жұмыс өндіруші, өндіріс-техникалық бөлімінің бастығы, 3-ші ауданаралық мамандандырылған жылжымалы механизацияланған колоннаның бас инженері.


1992-2013 жылдары «Нефтегазстрой Кызылорда» корпорациясының президенті, «Ай-Дан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары, «ССК «Ақмешіт» акционерлік қоғамының президенті, «Ай-Дан Мұнай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры, «Сырдариямұнай» акционерлік қоғамының бас директоры, «Транснефтьсервис» БК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, «Kazpetrol Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің атқарушы директоры.


2013-2019 жылдары Сырдария ауданының әкімі қызметін атқарған.


2019 жылғы қыркүйек айынан бастап ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.


Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа басшының қызметіне сәттілік тіледі.

Қызылорда облысы әкімдігінің

баспасөз қызметі


Пікірлер:
  • Құтты болсын!!! Халыққа адал қызмет атқарады деген сенімдеміз!!!
    Бірақ, неге жастардан тағайындамасқа? Жас келсе іске деген. Оларға да мүмкіндік беру керек сияқты, әлде менің ойым дұрыс емес пе?

  • Ғанибек Қонысбекұлы туған елдің бас шаһарына әкім болып келіп жатырсың сәттілік,Қызылорда қаласының көркеюі мен өркендеуіне бар күш жігеріңізді қосып,халықтың әлеуметтік жағдайын,білім саласын жоғары белеске шығарады деген елдің үмітін ақтаңыз,аманатқа қиянат жасамай абыройлы бол!

  • Ғанибек Қонысбекұлы туған еліміздегі Қызылорда аймағындағы , бас шаһарымыз Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалдыңыз.
    Қызылорда қаласы кейінгі 7-8 жылда Қырымбек Елеуұлының басшылығымен ,қаланы тікелей басқарған Нұрлыбек Машбекұлының кездерінде,қала көркейді,гүлденді,көріктенді,қала халқыда көлеміде өсті,қала халқының тұрмыс жағдайлары жақсарды,көшелер кенейді ,асфальттанды ,қала тазалығы толық жақсарды.
    Осындай жұмыстар Гульшара Наушақызының басшылығымен,өзініздің тікелей қаланы басқаруынызбен жалғасын табылатына сенемін.
    Жоғары деңгейде қаланы басқаруға сіздің іс-тәжірибеңізде,біліміңізде,қабілетіңізде жетеді.Сырдарья ауданың басқарғанынан өте жақсы білемін.
    Гульшара Наушықызы қала басшысын өте дұрыс тандаған.
    Жұмысынызға тек сәттілік тілеймін.
    Өмірсерік Исабекұлы
    08.04.2021

  • Эрин, жас буыннан жаналык болары мумк1н.Дегенмен де,ел1не адал енбег1мен кор1не б1лген азаматты «жасын улгайган екен»-деп к1д1ртуге болмайды.Тект1н1н туягы,алтыннын сыны,ел1не етер ерен енбег1 алда.1ске сэтт1л1к т1лей1к агайын

Пікір жазыңыз