«Қазақалтын» кенішінен 122 миллион теңгенің алтыны ұрланды

666

0

«Қазақалтын» тау-кен металлургия комбинаты» АҚ-на тиесілі катодты алтынды ұрлау оқиғасы бойынша қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ұрлық биылғы наурыздың 3-іне қараған түні болған. Бұдан кәсіпорынға 122 миллион теңге залал келген.

«Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 4-бөлігі «ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде», – деді ведомстводан.

Осы ретте, атлымыш қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлері қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

«Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жарияланбайды», – деп толықтырды ведомстводан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<