Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісім қашан күшіне енеді?

316

0

Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісім қашан күшіне енетіні белгілі болды. Келісімге 2023 жылғы 17 мамырда Сиань қаласында қол қойылған еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

«Параграф» сайтында жарияланған Сыртқы істер министрлігінің хатында бұл келісім 2023 жылғы 10 қарашада күшіне енетіні айтылған. «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған құжатта, осы келісім белгіленбеген мерзімге жасалатыны және уағдаласушы тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 30-шы күні күшіне енетіні жазылған.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге 17 мамырда Қытайға сапары кезінде қол қойған болатын.

Кейін Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісімнің мәтіні жарияланды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<