Қазақстан сейсмикаға төзімді құрылыстың халықаралық қауымдастығына енді

514

0

Қазақстан сейсмикаға төзімді құрылыстың халықаралық қауымдастығына (IAEE) қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның IAEE құрамына енуі Республиканың сейсмикалық қауіпсіздік саласындағы озық әзірлемелер мен технологияларға қол жеткізуін қамтамасыз етеді. IAEE құрамына кіру туралы өтінімді Құрылыс және сәулет ғылыми – зерттеу және жобалау институтының («ҚазҚСҒЗИ» АҚ) базасында құрылған «Қазақстан Республикасы сейсмикаға төзімді құрылыс қауымдастығы» берді.

IAEE талаптарына сәйкес, мүшелікке енгізу жөніндегі өтініш 6 ай ішінде қаралды, содан кейін IAEE атқару комитетінің отырысында Қазақстанға ұлттық делегат мәртебесі берілді», – делінген ҚР ИИДМ мәліметінде. Айта кетейік, IAEE мүшесі болу қазақстандық мамандарға сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде халықаралық тәжірибе алмасуға, жаңа құрылыс технологияларын зертеуге және қолдануға, жас мамандарды бірлесіп оқытуға, бірлескен заттай сынаулар ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Жалпы оның құрамына 59 мемлекет еніп отыр.

Халықаралық сейсмикаға төзімді құрылыс қауымдастығы (IAEE) – бұл коммерциялық емес ұйым, оның ішінде сейсмикалық төзімді құрылыс бойынша әлемнің ұлттық қоғамдарының өкілдері бар. Ұйым 1963 жылдың ақпан айында Токиода құрылған.



 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<