Конституция

Ірі жобалардың алғашқы қадамы

4

0

Бүгінде сол жағалаудағы шағын өнеркәсіп нысандарының жұмысы жүйелі жолға қойылған.

Өткен жылы ашылған «Тұмар» шағын өнеркәсіптік аймағында ет, сүт, кондитерлік өнімдер мен жартылай фабрикаттар өндіретін 7 өндірістік цех жұмыс істейді. Шығарылатын өнімдер жергілікті тұрғындардың сұранысына, азық-түлік қауіпсіздігі талаптарына сай.

«Syr Darya» коммуналдық базары қаладағы сауда инфрақұрылымын дамыту мақсатында ашылған. Базарда сапалы азық-түлік өнімдерін сатуға, жергілікті ауыл шаруашылығы тауар­өндірушілеріне қолайлы жағдай жасалған. Аумағында азық-түлік, киім-кешек дүкендері мен тұрмыстық техника сататын сауда орындары бар. Қазіргі уақытта көтерме сауда орындарын орналастыру үшін ғимарат қайта жаңғыртылып бейімделуде.

«Техоснастка-Ремсервис» ЖШС-ның шағын өнеркәсіп айма­ғында тәулігіне 15 сантех­никалық бұйым өндіретін, темір тор шығаратын өндірістік цехтар бар.

Сол жағалаудағы шағын өнеркәсіп нысандарын аралап шыққан аймақ басшысы Мұрат Ергешбаев жауапты сала жетекшілеріне шағын өнеркәсіпті, ондағы өндіріс ауқымын кеңейтуді тапсырды.

«СБ» ақпарат