Қазақстанда дәрі-дәрмек қымбаттады

534

0

Тамыз айының соңында Қазақстанда фармацевтика өнімдері бағасы 0,3%-ға өсті, деп жазады Egemen.kz.

Energyprom.kz зерттеуіне сәйкес, тамыз айының соңында фармацевтика өнімдері бағасы айына 0,3%-ға және жылына 3,3%-ға қымбаттады. Әсіресе, Маңғыстау облысында дәрі-дәромек бағасы – 14,1%, елордада – 10,9% және Ақмола облысында 9,1%-ға өсті. Ал Қостанай, Павлодар (әр облыста 0,1%) және Жамбыл (2,9%) облыстарында, керісінше, арзандады.

Фармацевтикалық препараттардың ішінде «Хилак форте» (30 мл) бірден 17,9%-ға (1,6 мың теңгеге дейін),  «Эссенциале форте Н» (30 капсула) 10,3%-ға, 2,9 мың теңгеге дейін қымбаттады, «Но-шпа» (40 мг, 100 таблетка) 10,2%-ға, 2,7 мыңға дейін өссе,  «Корвалол» (25 мл) 9%-ға, 180 теңгеге дейін, «Аквалор» (125 мл) 8,4%-ға, 2 мың теңгеге дейін өскен. «Ренни», «Омез», «Ксимелин», «Ингавирин», амброксол және басқа препараттар бағасы айтарлықтай қымбаттады.

«Верошпиронның» бағасы (100 мг, 30 капсула) өзгеріссіз қалды – 2,2 мың теңге.

«Фенистил Нью», «Гипотиазид»,  «Азитромицин», сондай-ақ ацетилсалицил қышқылының бағасы төмендеген.

Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 ж. 27 тамыздағы бұйрығымен өндірушінің дәрілік заттың фирмалық атауына шекті бағасы, дәрілік заттың бөлшек және көтерме саудадағы шекті бағасы бекітілді. Тізімде барлығы 7023 дәрі бар. Бұйрық 2021 жылы 18 қыркүйекте күшіне енді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<