Қазақстанда міндетті медициналық сақтандыру бойынша аударымдар мөлшерлемесі өсті

879

0

Фото: ашық дереккөз

2022 жылдан бастап «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңның 27-бабына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аударымдары өседі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Учет.kz сайтына сілтеме жасап.

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушілердің қорға төлейтін жарналары аударымдарды есептеу нысанының 3 пайызы мөлшерінде белгіленді.

Жұмыс берушілер қызметкерге жалақысының 3 пайызын төлейді, бірақ 10 жалақыдан аспайтындай, яғни 18 мың теңгеден аспауы керек.

Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық келісім-шарттары бойынша табыс алатындар, табысының 2 пайызын төлейді, бірақ 12 мың теңгеден аспайды.

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын жеке тұлғаларға – ең төменгі жалақының 1,4 еселенген мөлшерінің 5 пайызы немесе 4 200 теңге.

Сонымен қатар, 2022 жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар мен салымдар көрсеткіші бұрынғы деңгейде – 2 пайыз.

Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап қорға төленуге жататын міндетті медициналық сақтандыруға мемлекет жарналары ұлғаяды: 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – мемлекеттік жарналарды есептеу объектісінің 1,7 пайызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<