Қазақстанда қатты қалдықтарды қайта өңдейтін 37 зауыт салынады

127

0

Фото: Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жаңадан салынатын қалдықтарды өңдеу зауыттары туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев айтып берді, деп хабарлады Қазақпарат.

«Қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға және жаңғыртуға 200 млрд теңге бөлінеді. Бүгінде 94 жоба пулы таңдалды, оның 37-сі жаңа зауыттар. Елімізде қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мәселесі өткір тұр. Қазір біз жоғарыда аталған жобалар пулын жергілікті атқарушы органдармен келісеміз. Өйткені жергілікті орган өңірде қанша қалдық шығарылатынын біледі. Кейбір өңірлерде біреу, кейбіріне 2-3 зауыт салу қажет», – деді Жомарт Әлиев қайталама шикізатты қайта өңдеу мәселелеріне арналған конференцияда.

Оның айтуынша, жаңа зауыттарда әйнек, пластиктер, металдар, электр құрылғылары және тағы басқа қатты тұрмыстық қалдықтар қайта өңделеді. 

Жаңа зауыттарды салуға берілетін займ шарттары:

– пайыздық мөлшерлеме-жылдық 3%;

– несиелеу мерзімі – 3 жылдан 15 жылға дейін;

– жобаға қатысушыларға зауытты салу немесе жаңғырту уақытына кредиттік демалыс беріледі;

– қажетті соманың 20% жобаға қатысушысы инвестициялайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<