Қазақстандық әлем чемпионы допинг қолданды деген күдікпен жарыстан шеттетілді

791

0

Ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионы Артем Антропов жарыстан уақытша шеттетілді. Бұл туралы sportilinet парақшасында хабарланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жастар арасында әлем чемпионы атанған Антропов Азия чемпионатында күміс медаль алған соң, жарыстардан уақытша шеттетілді. Қазақстандық спортшының сынамасынан бұлшықет пен сүйектерге көмектесетін анаболикалық стериодтардың ізі табылған. Егер спортшының кінәсі дәлелденсе, жарыстардан түбегейлі шеттетілуі мүмкін.

Айта кетелік, 23 жастағы Артем Антропов 2017 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған. 2022 жылғы Азия чемпионатының қола, 2023 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Әлем чемпионатында үздік төртікке енген.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<