Қазақстандық мергендер әлем чемпионатын 10 медальмен қорытындылады

543

0

Қазақстан құрамасы үшін Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласында жасөспірімдер арасында нысана көздеуден әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бүгін Қазақстан қоржынына тағы 4 медаль (2 алтын, 2 қола) түсті.

Жылжымалы нысана көздеуден (10 м, ауыспалы ритм) қазақстандық қыздар командалық бәсекеде тағы да қарсылас шақ келтірмей, жеңіс тұғырына көтерілді. Ел намысын апалы-сіңлілі Зухра мен Фатима Ерназарова және Александра Сәдуақасова қорғады.

Осы бағдарламаның жекелей сында Фатима алтыннан алқа тақса, Зухра қола жүлдеге ие болды.

Жылжымалы нысана көздеуден (10 м, ауыспалы ритм) Қазақстан бозбалалар құрамасы Украина мен Финляндиядан кейін үшінші орынға тұрақтады. Асадбек Назиркульев, Илья Зотеев, Даниил Яковенко жылдам және жай жылжитын нысанаға оқ атып, 1080 ұпай жинады.

Қазақстан спортшылары Чханвонда барлығы 10 медаль (4 алтын, 4 күміс, 2 қола) жеңіп алып, жалпы есепте үздік бестікке кірді.

Жасөспірімдер арасындағы биылғы бəсекеге 45 мемлекеттен 600-ге жуық атлет қатысып жатыр. Қазақстандықтар тек 3 санатта бақ сынады. Олар: винтовка (қыздар), тапанша (бозбалалар), жылжымалы нысана (бозбалалар, қыздар).

Əлем чемпионаты ертең мəресіне жетеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Никита Чирюкиннің нысана көздеуден әлем чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Қазақстан мергендері әлем чемпионатынан тағы 4 медаль жеңіп алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<